Katalog

Жеке меншік үй салуға арналған әмбебап тип. Жоғары жүктемелерге ұшырамайтын құрылыстық құрылымдар үшін пайдалануға ұсынылады: төлелерді, қабырғаларды, еңісті шатырларды, пайдаланылмайтын тегіс шатырларды, балкондар мен лоджияларды жылу оқшаулауға арналған.

Жеке меншік үй салуға арналған жоғары берікті тақта. Жүктеме түсетін құрылымдарда пайдалануға ұсынылады: іргетастар, еден, төлелер, бақтағы аяқ жолдар, пайдаланылатын тегіс шатырлар.

Сылақпен немесе тақтамен әрлеу үшін әзірленген тақталардың арнайы типі. Жеке меншік үй салуға арналған. Тақталардың жонылған кедір-бұдырлы беті бар, бұл сылақ-желімді құрамдардың материал бетіне жабысуын жақсартады.

Кәсіби өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс сегменттерінде қолданылатын жылу оқшаулағыш тақталардың әмбебап типі. Еденді, пайдаланылатын шатырларды, іргетастарды, төлелерді, аратақталарды (термоендімелер), соның ішінде салыстырмалы жоғары жүктемелерге ұшырайтын құрылымдарды жылу оқшаулау үшін ұсынылады.

Кәсіби өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс сегменттерінде қолданылатын жылу оқшаулағыш тақталардың әмбебап типі. Жүктелетін құрылымдар үшін ұсынылады: іргетастар, еден, стилобаттар, пайдаланылатын шатырлар, аумаққа төсем салу және оны көріктендіру жүйелері.

Кәсіби өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс сегменттерінде қолданылатын жылу оқшаулағыш тақталардың әмбебап типі. Төлелерді, қабырғаларды, еденді, шатырларды, аражабын тақталарын (термоендірмелер) жылу оқшаулау үшін, деформациялық жіктер толтырғышы ретінде ұсынылады.

Кәсіби өнеркәсіптік және азамfттық құрылыс сегменттерінде қолданылатын жылу оқшаулағыш тақталардың арнайы типі. Тақталар қасбетті сылақ немесе тақтамен әрлеу үшін пайдалануға әзірленген. Тақталарда жонылған кедір-бұдырлы беті бар, бұл сылақ-желімді құрамдардың материал бетіне жабысуын айтарлықтай жақсартады.

Кәсіби өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс сегменттерінде қолданылатын жылу оқшаулағыш тақталардың айрықша берік типі. Жүктемелер бойынша арнайы талаптар қойылатын құрылымдарда, оның ішінде жол құрылысы үшін пайдалануға ұсынылатын беріктігі жоғары материал.